ӨзА Қазақ

27.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан СІМ: Уханьда 30-ға жуық Өзбекстан азаматы болуы мүмкін

Өзбекстан СІМ: Уханьда 30-ға жуық Өзбекстан азаматы болуы мүмкін

Қытайдың Ухань қаласында жаппай тарап жатқан адам өміріне өте қауіпті болған коронавирустың кесірі қазір бүкіл әлемді уайымға салды. Өйткені онда шет елдер азаматтарыда болып олардың өз отанына қайтуға мүмкіндіктері болмай отырғандығы.

Осы орайда Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі жағдайды ескере отырып ондағы(Ухань қаласында) жалпы 30-ға жуық өзбекстандықтардың бар екенін мәлімдеп, мүмкіндік болған кезде оларды елге қайтару жағын айтты. Бірақ қазір Қытай билігі бұл аймақты қатаң режимде бақылауға алып, вирустың сыртқа шығуына қарсы шараларды көруде.

Қазір Өзбекстанның Қытайдағы консулдығы «Wechat» желісі арқылы «Ухань 2020 Өзбекстан» атты топ ашып, онда сол жердегі өзбекстандықтарға қажетті деректерді беруде. Вирус тараған аймақтағы өзбекстандықтар жайлы СІМ басшысы Абдулазиз Комилов «Біз оларды елге қайтару жұмыстарын жасап жатырмыз. Келемін дегендердің барлығыгн қайтарымыз және олар келуімен бірден тексерістен өтетін болады»,- деп мәлімдеді.

Өткен жылдың соңында алғашқы белгілері пайда болған коронавирустың жылдам тарауына байланысты бүгінге келіп 80 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам адам жұқтырған. 

4 026
ӨзА