ӨзА Қазақ

26.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан СІМ Мәскеудегі жағдайға байланысты түсініктеме берді

Өзбекстан СІМ Мәскеудегі жағдайға байланысты түсініктеме берді

24 қараша жексенбі күні Мәскеуде Өзбекстан мен Қырғыстаннан келген жұмысшы азаматтар арасындағы құрылыс құралдарымен жаппай төбелескеніне байланысты Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді.

Өзбекстанның Ресейдегі елшілігінің консулдық бөлімі сол күні Мәскеуде жаппай төбелес болғандығы туралы жаңалықты растады. Осы оқиға нәтижесінде 15 адам, оның ішінде 10 Өзбекстан азаматы ұсталған. Бірақ ешқандай дене жарақаты алмаған.

Бұл қақтығыс екі елден келген жұмысшылар арасындағы футбол жарысында ережелердің бұзылу себебінен туындаған. Қазірде тергеу амалдары басталып, бір азаматтың өлгені хабарланған. Бұл жағдайға Өзбекстан СІМ ол азаматтың қай ел тұрғыны екендігі туралы мәлімет бермеген. 

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабары.

5 641
ӨзА