ӨзА Қазақ

27.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан СІМ Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшақ бортында өзбекстандықтар жайлы мәлімет берді

Өзбекстан СІМ Қазақстанда апатқа ұшыраған ұшақ бортында өзбекстандықтар жайлы мәлімет берді

Бүгін 27 жетлоқасан күні таңертең Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында әуеге көтерілген ұшақтың апатқа ұшырау салдарынан Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі мәлімет берді.

Өзбекстанның бас консулдығының мәліметінше, Алматы маңында болған ұшақ апатынан қаза тапқан және жарақат алғандар қатарында өзбекстандықтар болмаған. Қазірде оқиғаның мән-жайы бас консулдық күзетуде.

Қазіргі уақытта Bek Air компаниясына тиесілі болған ұшақтың апатқа ұшыраған мекенге Қазақстан Үкіметі тарапынан құрылған арнайы комиссия барып мән-жайды бақылауға алған. «ҚазАқпараттың» мәліметінше оқиға салдарынан қаза тапқандар саны 15 жеткен. Ал, апатқа ұшыраған ұшақ ұшып шыққан Алматыдағы әуежай жолағы жабылып, апаттың орын алу себептеріне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.