ӨзА Қазақ

26.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Әзірбайжанда «Жыл адамы» атанды

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев Әзірбайжанда «Жыл адамы» атанды

Әзірбайжан елінде 2006 жылдан бері «Tarixi Şəxsiyyətlər» («Тарихи тұлғалар») атты журнал шығарылып, онда жыл сайын дәстүрлі түрде әлемдік көшбасшылар мен белгілі қоғам қайраткерлерінің арасындағы үздік деп табылған «Жыл адамы» анықталады.

2017 жылы редакция шешіміне сәйкес Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған бірауыздан «Жыл адамы» деп жарияланды. Ал, 2018 жылы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин атаулы номинацияда үздік деп табылды.

Биылғы жылғы баспа ұжымының бірауыздан қабылдаған шешіміне орай Өзбекстанның халықаралық аренадағы беделін арттыру мен бірге, ел өркендеуінің және Әзірбайжан мен Өзбекстанның бауырластық байланыстарын нығайтуға қосқан зор үлесі үшін 2019 жылы Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияев «Жыл адамы» деп жарияланды.

Осыған орай «Tarixi Şəxsiyyətlər» журналының кезекті нөмірі Өзбекстан Президентіне және жалпы Өзбекстанға арналған болып орыс тілінде жарық көреді.

Әзірбайжан Республикасының Өзбекстандағы Елшілігі және Гейдар Алиев атындағы мәдени орталықтың қолдауымен дайындалып жатқан кезектегі «Тарихи тұлғалар» журналының арнайы шығарылымының тұсаукесерін Ташкент қаласында да өткізу жоспарланған.

6 223
ӨзА