ӨзА Қазақ

30.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Әзірбайжан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Өзбекстан мен Әзірбайжан қорғаныс министрлері әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды

Кеше ғана Өзбекстанның Қорғаныс министрі, генерал-майор Баходир Қурбанов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Әзірбайжанға сапармен барғанын хабарлаған едік.

ТМД елдерінің қорғаныс министрлері кеңесінің аясында генерал-майор Баходир Қурбанов Әзірбайжан Қорғаныс министрі Закир гасановпен кездесу өткізді.

Кездесу барысында әскери саладағы екіжақты ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Өзбекстан мен Әзірбайжан қорғаныс министрліктерінің басшылары екі қорғаныс министрліктері арасында 2020 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.

Бүгін, Әзірбайжан астанасы Баку қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлері кеңесінің кезектегі отырысы өтеді.

Қорғаныс министрлігі Ақпарат және бұқаралық коммуникациялар департаментінің хабары.

4 997
ӨзА