ӨзА Қазақ

23.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Швейцария сыртқы істер министрлері орынбасарлары телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан мен Швейцария сыртқы істер министрлері орынбасарлары телефон арқылы сөйлесті

Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Шерзод Асадов Швейцария Конфедерациясының Сыртқы істер федералды департаменті Мемлекеттік хатшысының міндетін атқарушы Кристина Лангпен телефон арқылы сөйлесті.

Өзбекстан СІМ хабарлауынша тараптар Өзбекстан – Швейцария қатынастарының қазіргі даму қарқынына жоғары баға беріп, түрлі салалардағы жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы пікір алмасқан және сауда-экономикалық, инвестициялық, банктік, қаржылық салалардағы ынтымақтастық жөнінде сөз айтқан.

Телефон арқылы сқхбат барысында екіжақты қатынастардың басқа да аспектілері, соның ішінде халықаралық ұйымдар мен құрылымдар аясындағы ынтымақтастық талқыланған.

1 910
ӨзА