ӨзА Қазақ

14.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Ресейдің бас прокурорлары кездесті

Өзбекстан мен Ресейдің бас прокурорлары кездесті

Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Нигматилла Юлдашев Ресей Федерациясының Бас әскери прокуроры Валерий Петров бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесу барысында Ресей делегаттарына Өзбекстандағы прокуратура жұмысы жайында мәліметтер айтылып, өзгерістер туралы ақпарат берілді. Содан кейін экстремизмге, терроризмге және ұйымдасқан қылмыстың басқа да түрлеріне қарсы пікір алмасулар болып, басқармалар арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен өзара қызығушылық тудыратын мәселелер жөнінде сөз болды.

Өз кезегінде Валерий Петров Өзбекстанның Бас прокурорына қонақжайлығы мен жылы қабылдауы үшін шын жүректен алғысын білдірді және Ресей Федерациясы Бас әскери прокуратурасының негізгі қызметімен таныстырып, сұхбат соңына қарай өзара тиімді ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін білдірді.

Атап айтқанда, қылмыстың алдын алу саласында тәжірибе алмасу, заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану және прокуратура қызметкерлерін жүйелі оқыту, даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жолымен ынтымақтастықты дамыту жоспары бекітілді.

5 525
ӨзА