ӨзА Қазақ

16.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Ресей СІМ басшылары кездесті

Өзбекстан мен Ресей СІМ басшылары кездесті

2020 жыл 16 қаңтарда Өзбекстанға ресми сапармен келген Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Сергей Лавров Ташкентте Өзбекстан СІМ басшысы Абдулазиз Камиловпен кездесу өткізді.

СІМ хабарлауынша, кездесу кезінде тараптар Өзбекстан - Ресей көпжақты қатынастарының өзекті мәселелерін талқылап, екі жақтық саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, туризм, ғылым, мәдени-гуманитарлық және басқа салалардағы даму перспективаларын қарастырып, бірқатар халықаралық және аймақтық мәселелер бойынша пікір алмасты.

82173446_1212657382253152_569037455383068672_o.jpg

Хабарда айтылуынша, соңғы екі жылда Өзбекстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық тұрақты түрде өсіп жан-жақты байланыс, өткен жыл ішінде екі жақтық түрлі қатынастар бойынша 130-ға жуық сапарлар жасалған.

Кездесу барысында Өзбекстан Президентінің Ресейге алдағы жасайтын сапарына қызу дайындық болып жатқандығы айтылып, осы сапар екіжақтық қатынастардың жаңа тарихындағы маңызды оқиға болады деп күтілуде.

Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Өзбекстан мен Ресейдің сыртқы істер министрліктері арасындағы 2020-2021 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Құжат екі елдің сыртқы істер министрліктері арасындағы тұрақты және тиімді қатынастарды дамытуға бағытталған.


6 057
ӨзА