ӨзА Қазақ

12.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан мен Арканзас штаты арасында ынтымақтастық жолға қойылады

Өзбекстан мен Арканзас штаты арасында ынтымақтастық жолға қойылады

Өзбекстанның АҚШ-тағы елшісі Джавлон Вахабов Арканзас штаты коммерция министрімен, сондай-ақ аймақтың экономикалық даму жөніндегі комиссиясының басшысы Майкл Престонмен кездесті.

Вашингтондағы Өзбекстан елшілігінің хабарлауынша, кездесуден негізгі мақсат - Арканзас үкіметімен, жетекші мемлекеттік компаниялармен тікелей байланыс орнату және американдық кәсіпкерлерді Өзбекстан нарығына тарту және аймақтағы жоғары және арнайы орта білім берудің озық тәжірибелерін үйрену.

Осы байланыс аясында Өзбекстан мен Арканзас арасында ауылшаруашылық кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты жолға қою және кеңейту, «Walmart» пен «Dillardʼs» желісінде жергілікті өнімді сату негізінде елдің экспорттық әлеуетін арттыру, сондай-ақ есту қабілеті нашар балаларды тәрбиелеудегі Арканзас тәжірибесін зерттеуге ерекше назар аударылды. Штат бұл бағыттағы тәжірибде көшбасшылардың бірі болып табылады және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған алғашқы мектеп 1850 жылы ашылған.

Кездесу соңында тараптар «Walmart» пен «Dillardʼs» АҚШ-қа кептірілген жемістер мен тоқыма экспортын дамыту перспективаларын, жергілікті университеттер мен Арканзас мемлекеттік университеті арасында тікелей ынтымақтастық орнату мен қатар, Арканзас штатының кадрлар мектебі өкілдерімен жергілікті мамандар кездесуін ұйымдастыру жөнінде келісімге келді.

2 366
ӨзА