ӨзА Қазақ

31.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстанға Қытайдан 200 мың тест-сынақ жүйесі әкелінді

Өзбекстанға Қытайдан 200 мың тест-сынақ жүйесі әкелінді

Президент Шавкат Мирзияевтың тапсырмасымен 28 наурызындағы коронавирус індетінің ел аумағына таралуына қарсы күреске бөлінген қаражат есебінен Қытайдан 200 000 вирусты анықтаушы сынақ жүйесі және 50 000 бір реттңк пайдаланылатын бас киіммен қорғаныс киімі сатып алынды.

Мына суреттегі әскери жүк ұшағында жеткізілген жүктің жалпы құны 27,8 миллиард сумды құрайды. Осынау арнайы рейсте сонымен қатар Қытай Халық Республикасы гуманитарлық көмек ретінде бөлген 2,5 млрд. сумдық сомасына әртүрлі медициналық мақсаттағы заттарда бірге әкелінген.

Бұдан бөлек, Министрлер Кабинетінің 31 наурыздағы тиісті шешіміне сәйкес 16 миллиард сумдық, ал 3 сәуірде коронавируспен күреске бөлінген қаражат есебінен қосымша 45 миллиард сумға сатып алынған медициналық бұйымдар, елге импортталады. Атап айтқанда, шетелдік тәжірибені зерделей отырып, 2 деңгейдегі медициналық қызметкерлерге, яғни қызыл аймақ үшін арнайы киім сатып алуға назар аударылған.

Еске сала кетсак, 30 наурыз күні Кореядан арнайы шақыртылған профессор Цой Чже Ук Өзбекстандағы коронавирусқа қарсы күрес үшін өз жұмысына кіріскен. 

1 932
ӨзА