ӨзА Қазақ

15.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбекстан 16 наурыздан бастап өз шекараларын уақытша жабады

Өзбекстан 16 наурыздан бастап өз шекараларын уақытша жабады

16 наурыздан бастап Өзбекстан Республикасы аумағына кіру мен шығуға тыйым салынады. Бұл жөнінде бүгін Премьер министр Абдулла Ариповтың корнавирусқа қатысты шұғыл өткізген брифингінде айтылды.

Нақты айтар болсақ, 16 наурыздан бастап Өзбекстан әлемнің барлық мемлекеттерімен әуе реистерін және автокөлік қатынасын тоқтатады. Үш күн ішінде теміржол арқылы жолаушылар тасымалыда тоқтап, шет елдерге шығу мен Өзбекстан аумағына кіруге тыйым салынады. Шетелдерде қалған өзбекстандықтар арнайы чартерлік рейстер арқылы әкелініп карантинге жатқызылады.

Сонымен қатар, ел ішіндегі қоғамдық көліктер мен күту бекеттері әр төр сағат сайын дезинфекцияланатын болып, медициналық бір реттік қолданылар заттар өндірісі 10 есеге өсіріледі. Осы заттардың шетке тасымалдануына жол берілмейді және ел аумағында азық-түлік бағасын қолдан өсіргендер жазаланатын болады. 

Бұл жағдайлар, Өзбекстанда коронавирусты жұқтырған жанның алғашқы дерегі тіркелуімен байланысты. Ол бүгін тағы сағат 06:00-де анықталып, вирус жұқтырған әйел азаматша жоғары санаттағы дәрігер екендігі белгілі болды. 

11 475
ӨзА