ӨзА Қазақ

27.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Өзбександа коронавирус індетін жұқтырғандар саны 75 жанға жетті

Өзбександа коронавирус індетін жұқтырғандар саны 75 жанға жетті

Koronavirus Info - Өзбекстандағы тәжіндеттік ақпараттың сенімді арнасының және Денсаулық сақтау министрілігінің хабарлауынша вирус жұқтырғандар саны 10 кісіге көбейіп жалпы 75 жанға жеткен.

Кейінгі сараптамада індет жұқтырған 10 азамат жайлы басқа мәліметтер айтылмаған. Сонымен 26 наурыздағы тәулік бойына ел аумағында 15 кісіден коронавирус эпидемиясы анықталып, бүкіл республика бойынша карантинге алынғандар 70 мыңға жуықтады.

Ташкент пен Наманган қалаларынан кейін Самарқанд, Әндіжан, Гүлістан қалалары мен Сұрхандария облысына жарияланған карантинге орай кіру-шығу шектелді.

Соңғы дерек бойынша Бүкіләлемде COVID -19 індетін жұқтырғандар саны жарты миллионнан асты(521 086). Қаза болғандар 23 568-ге жетіп, 122 058 жан ауруды жеңген.

2 129
ӨзА