ӨзА Қазақ

21.05.2019 14:14 Басып шығару нұсқасы

Өз өмірінің ажалына айналған фотосурет тарихы

Өз өмірінің ажалына айналған фотосурет тарихы

Бұл 1993 жылы фототілші Кевин Картердің Африкадағы Судан елінің оңтүстік аймағында түсірген фотосуреті еді.

Ол мұнда, аштан бұралып отырған бала мен оның өлімін тағатсыздана күтіп отырған құзғынды суретке түсіреді де, суретті Американың The New York Times басылымында жариялады. 1994 жылы бұл сурет дүние жүзіндегі ең керемет 10 суреттің қатарынан көрініп, автор Пулитцер премиясымен марапатталады. 

Кевиннің Африкадағы ашаршылықтан азап шеккен адамдар бейнесіндегі көптеген суреттерді түсіреді, бірақ дәл осы қара құзғынның олжасына айналмақ болған бала бейнесі суреті өте әсерлі еді. 

Суретті көрген журналисттер Картерден баланың кейінгі жағдайы жайында, балаға көрсеткен көмегі жайлы сұрастыра бастайды. Тек сол кезде ғана оның ойы, сана сезімі шығармашылық қарбалас пен атақтың тұманынан серпіліп, өзегін өкініш керней бастайды. Бүкіл бұқаралық ақпарат көздері оның бұл әрекетін қатігез, тасжүрек, мейірімсіз деп сынаудан тынбады. Тіпті Кевиннің араласатын адамдары мен таныс, дос-жарандары да одан сырт айналады. 

Кевин Картер Пулитцер премиясын алғаннан кейін араға үш ай салып, қоғамдағы адамдар мен араласатын жақын кісілерінің одан бас тартқанына төзе алмай 33 жасында өз өзіне қол жұмсап өмірден өтеді. 

Пулитцер силығымен марапатталған осынау фотосурет тарихы осылай автордың өз өмірінің ажалына айналған екен.


ӨзА
25 747