ӨзА Қазақ

24.09.2020 Басып шығару нұсқасы

ЮНЕСКО Шавкат Мирзияевтің бастамасына қолдау білдірді

ЮНЕСКО Шавкат Мирзияевтің бастамасына қолдау білдірді

ЮНЕСКО бас директоры Одри Азуле кеше Өзбекстан Президенті БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-ші сессиясында айтқан, Хиуада халықаралық мәдени форум өткізу туралы ұсынысын қабылдағанын жеткізді.

Ұйым басшысы Шавкат Мирзияевтің Орталық Азия бойынша халықаралық мәдени форум өткізу туралы бастамасын қабылдағаны жөнінде, өзінің «Twitter» парақшасында жариялап, «Мен Президент Мирзиеевтің 2021 жылы Хиуада Орталық Азия бойынша халықаралық мәдени форум өткізу туралы бастамасын қолдаймын», - деп жазған.

ЮНЕСКО-дағы Өзбекстанның тұрақты өкілі Умид Шодиевтің айтуынша, ұйымның бұл ұсынысқа қызығушылығының бірнеше себебі бар.

Біріншіден, форум ЮНЕСКО мандатының негізгі бағыттары - ғылым мен мәдениетті насихаттауға бағытталған.

Екіншіден, бастама ұйым өткізетін іс-шараларға толық сәйкес келеді және ЮНЕСКО ондаған жылдар бойы Орталық Азияның мәдениеті мен тарихы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізіп келеді. Ұйымның «Ұлы Жібек Жолы» арнайы онлайн-платформасында аймаққа тиісті көптеген мәдени және ғылыми жәдігерлердің көшірмелері жинақталған.

Үшіншіден, бұл ЮНЕСКО мен Өзбекстан арасындағы өсіп келе жатқан өзара іс-қимылдың жемісі. Ұйым басшылығы Өзбекстан үкіметінің ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі күш-жігерін әрқашан жоғары бағалап келеді.

Төртіншіден, ЮНЕСКО Өзбекстанмен ынтымақтастықта ірі халықаралық мәдени, білім беру және ғылыми іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуде үлкен тәжірибеге ие. Мемлекетте соңғы жылдары өткізіліп келе жатқан «Sharq Taronalari», «Bakhshi» және «Maqom» сияқты халықаралық форумдар осы ұйымның қамқорлығымен өтті.

5 668
ӨзА