ӨзА Қазақ

28.08.2019 Басып шығару нұсқасы

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Бұхараға барды

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Бұхараға барды

Тәуелсіздіктің 28 жылдығының қарсаңында он екінші мәрте өтіп жатқан Самарқандтағы «Шығыс әуендері» музыкалық фестиваліне арнайы келген ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азуле ханым, осы сапары аясында және бір тарихи қала Бұхараға барды.

ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне енген Бұхара қаласында жалпыға ортақ құндылықтағы түрлі дәуірге тиісті 300-ден астам сәулет ескерткіштері бар.

Ешкімге сыр емес, Бұхара ежелден діни толеранттылық қалыптасқан орта болыпта ұлықталып келеді. БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселесі бойынша ұйым басшысы (ЮНЕСКО Бас директоры) Одрэ Азуле ханым Бұхарадағы көне Арк қаласына жасаған сапары аясында Исмоил Соманий кесенесі, Мирнораи Калон, Мир Араб медресесі мен Масжиди Калон жәдігерлерін өз ішіне алған Пойи Калон кешені мен Мырза Ұлықбек медресесін аралумен шектелмей, мұндағы қолөнершілердің жасаған туындыларымен де кеңінен танысты. 

2.jpg

4.jpg

6.jpg

7.jpg

9.jpg

7 462
ӨзА