ӨзА Қазақ

07.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытайдағы вирус себеп Өзбекстанда да медициналық маскалар қымбаттаған

Қытайдағы вирус себеп Өзбекстанда да медициналық маскалар қымбаттаған

Дүниежүзіне тараған коронавирустың салдарынан сәт сайын адам өлімі көбейіп бара жатқан бір кезде, одан сақтануға сәлде болса көмек етер заттардың да бағасы солай шарықтап барады. Ашық айтқанда сатушылар өз еркімен бағаларды өсіріп жатқан көрінісі, мынадай бір шарасыздық кезеңде өте бейшаралықтың белгісі екен дейсің. Осы секілді жағдай Өзбекстан аумағындағы дәріханаларда байқалып ондағы медициналық маскалар бағасы бірнеше есеге дейін өскен, дейді бұл жағдайды зерттеген Өзбекстандағы тұтынушылар құқығын қорғау федерациясы.

Зерттеулер нәтижесі бойынша Республиканың орталығы Ташкент қаласында қазірдің өзінде маска жетіспеушілігі анықталып (60 пайыз), бар болған жағдайдың өзінде бағасы 1000-нан 5000 сумға дейінгі соммада сатылуда.

Ташкент облысындағы дәріханаларда медициналық маскалар бағасы 1500 ден 2000 сумға дейін артқан. Әндіжан, Қашқадария және Хорезм облыстарындағы дәріханалардың 70 пайызға жуығы маскаларды 1500 сумнан саудалап жатқан болса, Науайы облысының 70 пайыз дәріханаларында тіпті маска тапшылығы байқалған.

Қытайдағы тараған тәжівирусының пайда болғанына көп уақыт өтпей ел аумағындағы дәріханаларда медициналық маскалардың бағасы күрт өскені байқалады. Бұл дәріханалардың қазірге сіз бен біздің білген «кәсіпкерлігі» ал білмегеніміз алда қанша, осы жағдайларды анықтап баяндайтын боламыз, делінген хабарламада.

7 806
ӨзА