ӨзА Қазақ

24.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытай Өзбекстанға 2,5 мың тегін коронавирустық тест сынақтары мен мамандар жібермек

Қытай Өзбекстанға 2,5 мың тегін коронавирустық тест сынақтары мен мамандар жібермек

Өзбекстандағы санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау агенттігінің директоры Бахром Алматовтың айтуынша Қытай үкіметі Өзбекстанға 2500 коронавирус тест сынақтарын тегін беруді және мамандарды жіберуді жоспарлап отыр дейді.

«Біз Қытайдағы Өзбекстан елшілігінің өкілдерімен 24 наурызда қытайлық мамандар мен тест сынақтарын елге жеткізу үшін Үрімжіден арнайы чартерлік рейсті ұйымдастыруды талқыладық. Қытай үкіметі бізге 2500 сынақты тегін беріп отыр. Әнгіме ақшада емес, біз тесттерді сатып алуға дайынбыз және бұл үшін қаражат жеткілікті. Бұдан бөлек тағы 100 мың тест сынағына тапсырыс беріп, оны арныйы чартерлік рейсте жеткізіп беру үшін елшіліктен көмек көрсетуді сұрадық», - деген агенттік басшысы.

Оның айтуынша Қытайдан Өзбекстандағы эпидемиологиялық жағдайды бақылауға көмектесетін тәжірибелі мамандар келеді және емдеу әдістері мен коронавирус індетіне қарсы дәрі-дәрмектің ең қажеттілерінқолдануы жайында өз ұсыныстарын бермек, дейді.

Еске сала кетсек, бүгіннен бастап Өзбекстанда барлық көлік қозғалыстары тоқтады. Ташкент қаласына кіру шектеліп, бүкіл республика бойынша азық-түліктен басқа барлық киім-кешек пен түрлі заттар сатушы базарлар жабылды. Азаматтарға қажеттілік болмаған жағдайда үйден шықпауға шақырылған.

1 199
ӨзА