ӨзА Қазақ

12.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Қытай компаниясы Ташкентте «Smart city» жобасын таныстырды

Қытай компаниясы Ташкентте «Smart city» жобасын таныстырды

Бұл жоба «Ақылды қоғамдық көлік» жобасы болып ол қаладағы транспорттың кез-келген түрін пайдалануда жолаушыға тиімді болған бағытты көрсететін болады.

Қытайдың Leon Technology компаниясы өкілдерімен Ташкент қала әкімдігі арасында кездесу өтіп онда, қытайлықтар өзінің «Smart city» жобасының негізгі атқару қызметімен қоғамға тиер пайдасы жайлы түсінік берген. Атаулы жоба қаладағы қоғамдық көліктердің инфраструктурасын түбегейлі өзгертіп жаңа заманғы дамыған елдердегі озық жүейе саналады. Ол қалалық көліктегі жолаушыға ақысыз интернет арқылы ең тиімді мекенге жетер жолды анықтау мен оңтайлы төлем жасау және белгіленген бекеттердің арақашықтығын белгілеп, көліктердің бекетке келіп кетер нақты уақытын анықтаушы сынды бірнеше тиімділіктері бар болып, жол жарықтандырғыштардан таралушы Wi-Fi аймақтарында өз ішіне алады.

Қазіргі күнде Ташкент қаласына «Ақылды және қауіпсіз қала» тұжырымдамасын іске асыруға ерекше назар аударылып жатқаны, осы бастама бойынша алдыңғы қатарлы елдер мен қалалардың тәжірибесі зерттелу мен бірге үйрену жұмыстары жүргізіліп жатқаны ескеріле, Қытай компаниясы мен алдағы уақытта ынтымақтастық жасауға мүмкіндік жоғары екендігі айтылған.

4 500
ӨзА