ӨзА Қазақ

02.03.2020 Басып шығару нұсқасы

Қытай делегациясы Өзбекстанға сапармен келуде

Қытай делегациясы Өзбекстанға сапармен келуде

Өзбекстан СІМ-нің хабарлауынша 2-3 наурыз күндері Қытай Халық Республикасы Коммунистік партия Орталық Комитетінің Саяси бюро мүшесі, ҚКП ОК-нің Сыртқы істер бойынша комиссия Концеляриясы басшы Ян Сзечи басшылығындағы делегация Өзбекстанға сапармен келеді.

Алдағы келіссөздер барысында жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысы, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде халықаралық ұйымдар аясындағы қатынастардың келешегі талқыланады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, Қытай елі Өзбекстанмен ең ірі сауда серіктесінің бірі саналады.

3 570
ӨзА