ӨзА Қазақ

31.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында қақтығыс орын алды

Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында қақтығыс орын алды

31 мамырда Өзбекстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан Чашма бұлағы алдында екі ел азаматтары арасында қақтығыс орын алды.

МҚҚ-нің хабарлауынша «Өзбекстан Республикасының Ферғана облысы, Сох ауданындағы Чашма бұлағының жанынан өткен Қырғызстанмен шекара аумағында өзбектер мен қырғыздар арасында қақтығыс шыққан. Орын алған оқыс оқиғаны реттеу мақсатында шекаралас аймақтағы екі елдің жергілікті билік органдарының лауазымды тұлғалары арасында кездесу өтіп, жағдай бақылауға алынған.

Қазіргі уақытта жанжалдың себептері мен оның салдарын жоюға қатысты тиісті шаралар қабылдануда, делінген.

2 035
ӨзА