ӨзА Қазақ

25.06.2020 Басып шығару нұсқасы

ҮЙДЕН ШЫҚПА

ҮЙДЕН ШЫҚПА

Бүгінгі жер бетіндегі орын алып жатқан күрделі оқиғалар баршаңызға белгілі хәм көрген түс секілді өтпесіде аян. COVID-19 - деп аталушы ажал індетінің тірішілік қауымына төндірген қатері соншалық тәулік сайын өлім саны артуда. Адамзат ақыл-ойының, ХХІ ғасырдағы медицина ғылымының құдіреті қазірге мына сұм тәждітажал алдында шамалы екені сауыққан жандар жұбынан, ауру науқастар қатары сәттік мезгілде еселеп өсуінен де байқау қиын емес.

Сайып келгенде мұның барлығы өз қателігіміз. Бүкіл әлемге жарияланған “пандемия” жағдайына немқұрайлы қарап, пендешілікке салып жүре бердік. Әйтпесе осы індеттің жер жаханға жарық жылдамдығындай тарап жатқанын күнде естіп, теледидердан көріп те жүрдік емес пе?. Әліде болса арамызда кейбіреулер бұл індеттің барлығына сенбейтіні көңіл қынжылтады. Өйткені қазір жер бетінде бұл вирустан жапа шеккендер саны 18 миллионнан асты. Сондай екен бұл көзге көрінбес кесірден құтылудың бірден-бір жолы өзіңізді оқшаулау. Көшеге шыққанда да адамдардан қашықтықты сақтап, бетпердені тағып жүру. Қажет болмаған жағдайда үйден шықпауға тырысыңыз. Өйткені сыртқа шығып өзіңіздің және отбасыңызбен жақындарыңыздың өмірін қатерге қоймаңыз. 

Ендігі бағыт “ақырын жүріп, анық бас” демекші аса қажеттілік болмаған жағдайда “ҮЙДЕН ШЫҚПА”йық ағайын. 


20 714
ӨзА