ӨзА Қазақ

02.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Ұялы телефоныңызды тіркеуден өткіздіңізбе?

Ұялы телефоныңызды тіркеуден өткіздіңізбе?

Бүгінгі күннің негізгі мәселесінің бірі қалта телефонын тіркеуден өткіз туралы ақпарат тарағалы қоғамда көптеген сұраққа себеп болуда. «Бұл не үшін қажет?» немесе «неге мен өзім сатып алған телефонды тіркеуім керекпін?» деген сынды сұрақтарға Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологиялар және коммуникация министрлігі былай жауап береді. 

Ең алдымен ұялы телефоныңыздың IMEI-кодын тіркеуден мақсат, Өзбекстан аумағына заңсыз алып келінген сапасыз құрылғылардан сақтанудан бастап, бұл сіздің құрылғыңыздың жоғалған кезде әлде ұрланға жағдайда немесе бір ортада ұмытып қалдырсаңыз оның оңай табылуы мен оның басқа жағдайларда (өзге біреуге сатылғанда) жылдам блоктануына тиімді әрекет екені айтылады. Ал енді өз құрылғыңыздың қауіпсіздігін сақтау сайып келгенде өзіңіз үшін жасалған зор көмек болып табылады.

Ұялы телефонның IMEI-кодын қалай тіркеуден өткізу керек? 

Ең бірінші UZIMEI ресми сайты арқылы немесе 1170 қысқа нөмірлі сенім телефонына хабарласу мен толықтай мәліметке ие боласыз.

IMEI-кодты қалай білеміз және оны қай кезде тіркеуден өткізу керек? 

Қалта телефоныңыздың IMEI-кодын «*#06#» сандарын теру арқылы біліп аласыз. IMEI-кодты 1-ші қарашадан 1-ші желтоқсанға дейін тіркеуден өткізу тегін болып, желтоқсан айынан бастап ақылы жағдайға көшетіні жайында хабарлаған болатын. Егер сіз 30 күн ішінде ұялы телефонды тіркеуден өткізетін болсаңыз 44 600 сум. Ал 30 күннен кейін тіркейтін болсаңыз 55 750 сум болады. Сондай-ақ, сіз пайдаланатын телефон екі сим қарталы болып екі нөмер пайдалансаңыз онда сіз екі есе бағада ақы төлейтін боласыз.

Шетел сим картасынан (роумингте) пайдаланғанда – тегін болып, шетел азаматы жергілікті байланыс операторлары сим картасынан пайдаланатын болса 30 күн ішінде тегін қызмет алалады, одан кейінгі күндері міндетті түрде IMEI-кодты тіркеу арқылы 44 600 төлейтін болады.

5 060
ӨзА