ӨзА Қазақ

15.07.2020 Басып шығару нұсқасы

Үй жағдайында емделуді бастаған Ташкенттік науқас қайтыс болды

Үй жағдайында емделуді бастаған Ташкенттік науқас қайтыс болды

Өзбекстанда тағы бір коронавирус жұқтырған азамат қайтыс болды. Бұл елдегі осы індеттен қайтқандардың 68-сі.

Денсаулық сақтау министрлігінің 15 шілдедегі таңғы хабарында, Ташкент қаласының 66 жастағы тұрғыны 5 шілдеде әлсізденіп, жөтеле бастаған соң үй жағдайында емделуді бастаған. Алайда жағдайы ауырлап 8 шілде де тез жәрдем шақыртып ауруханаға жеткізілген де, оған онда COVID-19 індеті және екі жақты пневмония диагнозы қойылған.

Жедел медициналық көмек пен реанимациядағы қолданылған әрекеттерге қарамастан, науқас жүрек-тамыр және өкпе қабынуынан қайтыс болғандығы айтылады хабарламада.

Соңғы дерекке сай елде тағы 208 ауру жұқтырғандар тіркеліп, жалпы саны 14 293-ке жеткені және олардан 8327 жан індеттен жазылғаны көрсетілген.

2 232
ӨзА