ӨзА Қазақ

09.12.2019 Басып шығару нұсқасы

«Узгидромет» алдағы күндер ауа-райы болжамын жариялады

«Узгидромет» алдағы күндер ауа-райы болжамын жариялады

Республикалық Гидрометеорология орталығының хабарлауынша бұл апта Өзбекстан аумағында біраз ылғалды болып, аздап жауынды келеді.

Бүгінгі ауа-райының қалыптылығы Түркіменстан аумағынан кіріп келген ылғылды және жылы ауа ағымының тәсірінен күннің екінші жартысынан Қарақалпақстан мен Хорезм облыстарының кейбір аймақтарында, Самарқанд және Қашқадария облыстарында кешке қарай жауын нөсері болуы мүмкін.

10-шы желтоқсан республика көлемінде жаңбыр жауып, солтүстік аймақтарда бұл жағдай қарға айналуы ықтимал. Ел аумағының үлкен бөлігінде жылылық байқалып кешкі уақытта ауа температурасы 2-7 дәрежеде болса, күндізгі кезде 12-17 жылылықты көрсеткен.

11-ші желтоқсанда Кавказ аймағынан суық ауа ағымының келуімен кейбір жерлерде жауын күшейеді. 12-14 желтоқсан күндері ауа-райының тұрақсыздығы сақталып республиканың кейбір аймақтарында аздап жауын жауып, солтүстік-батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз өтеді. Суық антициклонның әсерінен температура түнде 0-3 градусқа дейін төмендеп, күндіз 8-11 градусқа дейін жетеді. 

5 212
ӨзА