ӨзА Қазақ

21.01.2020 Басып шығару нұсқасы

ТЖМ: Ресейде өрттің кесірінен Өзбекстанның 10 азаматты қаза тапты

ТЖМ: Ресейде өрттің кесірінен Өзбекстанның 10 азаматты қаза тапты

2020 жыл 21 қаңтар күнгі Мәскеу уақытымен 00:05те Ресейдің Төтенше жағдайлар қызметіне Томск облысы Причумлск ауылды жерінде бір қабатты ағаш үйде өрт шықты деген хабар түскен.

Ағаш үйден шыққан өрт 208 шаршы метрлі аумақты шарпып, үйдің үстінгі бөлігі өртенуі нәтижесінде құлаған. Үй ішінде 12 Өзбекстан Республикасының азаматы болып, оның екеуі өз бетімен қашып шығуға үлгерген қалған 10 оқиға орнында қаза тапқан. Олар «ГРИНВУД» ЖШС ағаш даярлау компаниясының жұмысшылары болған.

Қазірде аман қалған екі азаматқа медициналық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ Өзбекстан СІМ, ТЖМ, ІІМ мен жергілікті консулдық қызмет өкілдері ынтымақтастықта оқиғаның қалай болғанын анықтау мен бақилық болған азаматардың мәйітін елге алып келу жұмыстарын жүргізуде. 
  
Өзбекстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі

5 145
ӨзА