ӨзА Қазақ

25.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Той-жиындары мен отбасылық шараларды өткізуде заңды бұзғандар қатаң жазаланатын болады

Той-жиындары мен отбасылық шараларды өткізуде заңды бұзғандар қатаң жазаланатын болады

Хабарыңыз бар, осы жылдың қыркүйек айында Өзбекстан Республикасы Жоғары Мәжілісі Сенаты той-жиындары мен отбасылық шаралар және басқа да мерекелерді өтізуіге байланысты арнайы заң қабылданды.

Заңның мақсаты қоғамда орын алып жатқан тәртіпсіздіктер мен атрық ысырапкершіліктердің алдын алу. Соған байланысты той жасаушы немесе отбасылық шаралар ұйымдастырушылар жоғарыдағы белгіленген заң нормаларын бұзған жағдайда, оған қолданылар жаза түріне «Әкімшілік жауапкершілік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқылауға ұсынылды.

Құжжатта, Өзбекстан Республикасының 1994 жылғы 22 қыркүйекте қабылданған 2015-XII санды Заңымен бекітілген Өзбекстан Республикасының Әкімшілік жауаптылық туралы кодексіне төмендегідей 192-1-баппен толықтырылды:

Онда, той-жиындары, отбасылық мерекелер мен рәсімдерді бұзған жағдайда, азаматтар базалық есептеу мөлшерінің 10 еселенген көлемінде (2 230 000 сум) айыппұл төлейді.

Тойхана, кафе мен ресторандардың лауазымды кісілері тарапынан тойлар немесе жиындар заң талаптарына қайшы келген жағдайда, базалық есептеу мөлшерінің 30 еселенген көлемінде (6 690 000 сум) айыппұл төлейтін болады.

Заңда көрсетілген осы баптың екінші тармағында заңбұзушыға жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде осы жағдай қайталанған жағдайда, базалық есептеу мөлшерінің 50 еселенген көлемінде (11 150 000 сум) айыппұл салынатын болады.

Еске сала кетсек, 2020 жылдан бастап өнерпаздар тойларда келісім-шарт арқылы қызмет көрсететін болады.


5 395
ӨзА