ӨзА Қазақ

26.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Тимур Ишметов Өзбекстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды

Тимур Ишметов Өзбекстан Республикасы Қаржы министрі болып тағайындалды

Өзбекстан Республикасы Президентінің 2020 жыл 24 ақпандағы Жарлығына сәйкес Тимур Ишметов Өзбекстан Республикасының Қаржы министрі болып тағайындалды.

2017-2019 жылдар аралығында Өзбекстан Республикасы Орталық банк төрағасының бірінші орынбасары болып жұмыс істеген Тимур Ишметов, министр боп тағайындалғанға дейін Өзбекстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарып келген.

Тимур Ишметов макроэкономикалық тұрақтылықтағы ақша-несие және салық саясатының рөлін, халықаралық резервтер мен мемлекеттік активтер және инвестицияларды басқарудың негізгі қағидаларын, сондай-ақ қаржы нарықтарын нығайту сипаты мен маңыздылығын жақсы білетін білікті маман.

Өзбекстан Республикасының Қаржы министрігі хабары.

4 536
ӨзА