ӨзА Қазақ

18.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкенттік тұрғындар арасында тағыда індет жұқтырғандар тіркелді

Ташкенттік тұрғындар арасында тағыда індет жұқтырғандар тіркелді

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда тағыда 15 азаматта коронавирус індетінің анықталғаны мен жалпы расталған жағдай 5,7 мыңға жуықтағаны жөнінде хабарлады.

18 маусым таңғы сағат 10:00 уақыты бойынша республикада covid-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 5697 кісіге жеткен.

Жаңадан науқастанған азаматтардың 9 Ташкент қаласы тұрғындарының арасынан, 6 азамат Науайы облысында анықталған.

Бүгінге дейін аурудан сауыққандар саны 4131 кісіге жетіп, 19 азамат індеттен көз жұмған. Ал қазргі кезде ауруханаларда 1547 науқас дәрігерлер бақалауында.

2 563
ӨзА