ӨзА Қазақ

08.05.2019 15:56 Басып шығару нұсқасы

Ташкенттегі құрылған қол жетімді баспана бағасы 18,3 пайызға арзандайды

Ташкенттегі құрылған қол жетімді баспана бағасы 18,3 пайызға арзандайды

Ташкент қаласының Сергели ауданындағы құрылған тұрғын үйлердің бағасы қымбаттап кеткені, құрылыс жұмыстарының кейбір кемшіліктер халықтың наразылығын тудырғаны туралы хабарлар әлеуметтік желілерде қызу талқыға салынған еді.

Соған байланысты Өзбекстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен, Өзбекстан Республикасы Премьер-министірі 11 сәуір күні аталған үйлерде жасаушы тұрғындармен кездескен болатын. Осы кездесуде тұрғын үй құрылысының кемшіліктерін анықтау және тұрғын үйлердің бағасын арзандату бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін екі топтық комиссия құрылып, 1 айдан кейін тұрғындар мен кездесіп атқарылған жұмыстар бойынша сұхбат өткізуге уағдаласқан еді. 

Экономика және өнеркәсіп министрі Ботир Ходжаевтың басшылығында комиссия бір ай ішінде тұрғын үйлердің құнын зерттеп, оларды мүмкіндігі барынша қалай арзандатуға болатыны туралы ұсыныстар енгізді. Құрылыс министрі Абдуқаххар Тухтаев бастаған комиссия мүшелері құрылыстағы кемшіліктерді үйлерге кіріп, пәтерлердің жағдайын анықтап кемшіліктерді жою үшін құрылыс ұйымдарымен бірге анықтады. 

Экономика және өнеркәсіп министрі Ботир Ходжаевтың айтуынша, республика бойынша құрылыс материалдарының құны анықталған, олардың каталогы дайындалды және мемлекет құрылыс компанияларын, құрылыс материалдарын өндірушілер зерттелген. 34 үйдің арқасында басқа да тұрғын үйлердің мәселесі әржақтама үйренілген. Нәтижеде үйдің 1 шаршы метр бағасы 3 981 700 сумнан 3 253 100 сумға арзандату немесе 18,3 пайызға азайту мүмкіндігі белгіленген. 


ӨзА
7 534