ӨзА Қазақ

30.08.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте жаңадан салынған жер үсті метросы ашылды

Ташкентте жаңадан салынған жер үсті метросы ашылды

Ташкентте жаңадан салынған жер үсті метросының 11 км қашықтықтағы 7 станциясы бүгін таңғы сағат 06:00ден бастап пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстары 2017 жылда басталған бұл жобаның жалпы құны 422 млн долларды құрайды. Құрылыстық игерілімі 5 кезеңнен тұратын транспорт жолағы 55 шақырымдық 35 станцияға жоспарланған. Қазіргі кезде құрылыстың алғашқы кезеңі аяқталып, онда 11 шақырымдық қашықтықтағы «Достық-2» бекетінен «Қойлық» аялдамасына дейінгі 7 станцияда жолаушылар тасымалы старт алды.

Бұл бағыт бойынша 4 вагоннан тұратын 4 пойыз күніне орташа 46 мың жолаушыны мекеніне жеткізу мүмкіндігіне ие. Жаңадан бой көтерген бұл станциялардың барлығы ұлттық нақышта, ерекше дизайнмен әрленген және жолаушыларға ыңғайлы болу үшін заманауи технологиялармен жабдықталған, жол ақысын электронды түрде төлеуге мүмкіндік беретін қондырғылармен жабдықталған.

5 265
ӨзА