ӨзА Қазақ

24.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция өтті

Ташкентте Өзбекстан мен Қазақстан ғалымдарының қатысуымен халықаралық конференция өтті

Атаулы конференция 2018-2019 жылдар аралығында екі елдің өз жерінде «Жыл атауын» беруі құрметіне орай «бірлесе жүзеге асырған халықаралық қазақ-өзбек ғылыми-зерттеу жобалары жайлы» болып, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің қолдауымен өтті.

Онда осы жоба аясында «Дешті қыпшақ» даласында құрылып қазірге дейін жойылып кеткен тарихи қалалар мен сақталып қалған кесенелер, хандықтардың қалыптасу кезеңінде орын алған соғыстар туралы және хандықтан кейінгі дәуірдің дамуы, түрлі этностық топтардың таралуына байланысты көшпенді халықтың отырықшылыққа қалыптасуы жайлы ауқымды зерттеу жасаған белгілі қазақстандық және өзбекстандық ғалымдар өз зерттеулері жайлы баяндама жасап Орталық Азияның тархиына тиісті қызықты деректермен бөлісті. 

257d30d8-c1c3-4495-a83b-bdcef1ea4625.jpeg  

Орталық Азияны зерттеу халықаралық институты мен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған екі жыл көлеміндегі ғылыми-зерттеулерлердің мақсаты Бүкіләлемдік қауымдастықтың назарын Орталық Азияның тарихи және мәдени даму мәселелерін шешуге аудару және осынау кең аймақты көп бағытта зерттеу арқылы ғалымдардың ынтымақтастығын нығайту еді.

Бірлесе жүзеге асырған халықаралық қазақ-өзбек ғылыми-зерттеу жобалары коференциясына, Өзбекстандағы Қазақстан Республикасы елшісінің сенімді өкілі, ЮНЕСКО бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясы Бас хатшысы Дутбаева Анар, Қызылорда облысы Мәдениет басқармасы басшының орынбасары Абуова Мирамкул, Орталық Азияны зерттеу халықаралық институты директоры Дмитрий Воякин қатысып,онда Алимова Дилором "Әмір Темір және Темуридтер дәуірінің тарихы", Байтанаев Бауыржан «Қасиетті Ұлытау» жайлы, Жетибаев К. «Ұлы Жібек жолындағы Ортағасырлық Сығанақ қаласы», Кубатин А. «Тарихта Орта Азиядағы түркі халықтарының мемлекеттілік тарихындағы Шыңғысидтердің ортақ мұрасы» жайлы, т.б ғалымдар өз зерттеулері жайлы баяндама жасады. 


6 209
ӨзА