ӨзА Қазақ

15.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте ұйымдасқан қылмыстық топ қолға алынды

Ташкентте ұйымдасқан қылмыстық топ қолға алынды

Соңғы уақытта жастар арасында күшті әсер етуші таблеткаларды тұтыну жағдайлары көптеп кездесетін болып, олар бір реттік қабылдаған соң өзіне тәуелділікке әкеп соғып, соңы құрдыммен аяқталар жағдайлар жиілеп барады.

Ал осындай препараттардың заңсыз саудасын жолға қойып өз қалтасын қомпайтып жүрген азаматтар қатарыда көбейіп, оны тіпті дәріханалардан бөлек жәй дүкендер мен адамдар көп шоғырланар басқада орталықтарда саудалай жүргені баршылық.

Міне осындай жағдайдың бірін Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Ташкент ІІББ-мен бірлесіп жасаған жедел шараларының нәтижесіндеанықталып, Ташкентте «Регапен», «Тропикамид», «Анданте», «Селофен» сияқты күшті әсер етуші препараттардың заңсыз сатумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленіп қызметіне шектеу қойылды.

Жедел шаралардың нәтижесінде қылмыстық топ мүшелерінен 140 млн. сумдық 4211 дана препараттар мен құны шамамен 1 млрд. сумға жуық 17 түрдегі 50 000-нан астам сапасы төмен дәрілер тәркіленді.

Самарқанд, Жыззақ облыстары мен Ташкент қаласынан болған азаматтардан құралған топ мүшелері өзімен бірге газды және пневматикалық тапаншалар, пышақтар, кассеталар, бейсбол мен телескоп таяқшаларын бірге алып жүргендігі белгілі болып, қазіргі уақытта қылмыстық іс қозғалып тергеу амалдары басталған. 

1 655
ӨзА