ӨзА Қазақ

22.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте әйгілі «Starbucks» кофеханалар желісі ашылады

Ташкентте әйгілі «Starbucks» кофеханалар желісі ашылады

Әлемнің 80-ге жуық елінде 29 мыңнан астам сауда орталықтары бар американдық кофеханалар желісі «Starbucks Corporation» алдағы уақытта Ташкентте өз орталығын ашуды жоспарлауда.

Дәл осы жағдай бойынша Ташкент қаласы әкімі қабылдауында болған Кувейттік сауда франшизасының жетекші халықаралық операторы саналатын «Alshaya Group» компаниясының аймақтық өкілі Нэнжи Менхотра кофехана ашудан бөлек жұлдызды қонақ үйлер салу жобасынада қызығыс білдірген.

photo5278617306634759397.jpg

Хабарда айтылуынша, Alshaya Group компаниясы соңғы бес жылға жоспарланған жобаларға байланысты қалалық инфрақұрылым мен коммуникацияны дамыту мәселелеріне айрықша көңіл бөліп, жаханда танымал «Starbucks» кофеханасын ашудан бөлек Ташкентте жұлдызды қонақ үйлер салу жобасынада атсалысуға дайын екенін жеткізген.

«Starbucks» кофеханасы 1971 жыл негізі қаланған болып, оның шарықтау кезі 1987 жылдан басталған. Бүгінде АҚШ-тың көше бұрыштарында осындай кофеханалар таң ертең адамдарды өз талғамдарына сай түрлі көфемен сыйлап келеді. 

5 198
ӨзА