ӨзА Қазақ

03.01.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте құрылатын жаңа автобус бекеттері тегін Wi-Fi мен қамтылады

Ташкентте құрылатын жаңа автобус бекеттері тегін Wi-Fi мен қамтылады

Ташкент қаласында стандартты дизайн негізінде автобус аялдамаларын құру туралы қала әкімінің шешімі талқылауға қойылды.

Бұл түрдегі қалалық аялдамалар заманауй стандарттарға сай үлгідегі көріністе болып, олар әкімнің шешімі мен жеке кәсіпкерлерге белгілі бір мерзімге келісім-шарт арқылы берілетін болады.

Атаулы құжатта шағын аймақты жалға алатын кәсіпкерге қойылар талаптар, ең алдымен халық үшін тегін интернет желісі Wi-Fi мен қамтылуы, автобустардың келіп-кету уақытын көрсетуші электрондық таблоның орнатылуы мен бейнебақылау камерасы қойылуы қажет. Келесі кезекте аялдаманың көрінісі мен орындықтары ұлттық нақышта жасалған заманауй үлгідегі дизайнде болуы, мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы жолақ және мобилді құрылғыларды қуаттау көзімен қоқыс жәшігіде солар қатарынан орын алған.

Ал осынау талаптарды орындап өз кәсібін алға қояр талапкер аялдамадан пайдалану кезінде бекет қабырғаларына түрлі жарнамалар жапсырып, терминалды банкомат және QR-штрихты код арқылы электронды кітапханалар орнату құқығына ие болады.

4 451
ӨзА