ӨзА Қазақ

18.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте коронавирустан тағы бір азамат қаза тапты

Ташкентте коронавирустан тағы бір азамат қаза тапты

Денсаулық сақтау министрлігі Өзбекстанда тағы бір азаматтың коронавирустың салдарынан қаза тапқанын және олардың жалпы саны 13-ке жеткенін хабарлады.

Марқұм Самарқанд облысының тумасы боп, ол 14 мамырда жағдайы ауыр халде Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығына жатқызылған. Диагностикалық талдаулардан кейін науқаста Covid-19 инфекциясын жұқтырғаны анықталды.

Содан кейін науқасқа мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін вирусология ғылыми-зерттеу институтының клиникасына өткізілген. Бұған дейін науқас ұзақ уақыт бойы бауыр циррозы диагнозымен емделіп келгені мен семіздік және ауыр анемия сияқты қатар жүретін бірқатар ауруларға шалдыққаны белгілі болған. Стандартты емдік жағдайлардың барлығы жасалғанмен науқас жүрек қан-тамыр және жедел тыныс жетіспеушілігінен қайтыс болды, делінеді министрлік хабарында.

Бүгінге дейін республикада 13 азамат індеттен көз жұмды. Наманганда 4, Ташкентте 5, Ферғана, Самарқанд, Сұрхандарияда біреуден тіркелген.

Қазіргі уақытта вирус расталған жағдай 2779. Аурудан сауыққандар 2293 кісіні құрауда. 

1 539
ӨзА