ӨзА Қазақ

12.04.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте коронавируспен күресетін дәрігерлердің тағы бір тобы орын ауысты

Ташкентте коронавируспен күресетін дәрігерлердің тағы бір тобы орын ауысты

Бүгін 12 сәуірде Ташкенттегі вирусология ғылыми-зерттеу институтының клиникасында екі аптадан бері коронавирустық індетпен күресіп жүрген бір топ медицина қызметкерлері басқа топпен орындар алмасты.

ДСМ-нің хабарлауынша, бұл топ мүшелері мұнда 29 наурызда келген болып, олардың кезікшілік бақылауы кезінде науқастардың 37-сі аурудан жазылған. Ал олардың жоғары қызметі елеусіз қалмай Мемлекет басшысының тапсырмасымен әрбір маманға арнайы айлық үстемақы беру белгіленген. Атап айтқанда, дәрігерлерге - 25 млн. Медбикелер мен зертханашыларға - 15 млн. кіші медициналық қызметшілерге - 10 млн. басқа да қызметкерлерге - 5 миллион сумнан жалақыдан бөлек үстемақы берілсе, науқастармен жұмыс жасау кезінде коронавирус жұқтырған медициналық, санитарлық-эпидемиологиялық қызметкері мен басқа да мамандарға 100 миллион сумнан ақы беру көзделген.

Қазіргі уақытта Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 833 кісіге жеткен. Емделгендер 42 болса, 4 кісі қаза болған.


1 919
ӨзА