ӨзА Қазақ

07.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

Ташкентте коронавирус жұқтырған жүкті әйел босанды

7 маусым күні Ташкенттегі №3 перзентханада коронавирустық инфекциясы анықталған жүкті әйел балалы болды.

Денсаулық сақтау министрлігі хабарлауынша 21 жастағы азаматша 19 мамыр күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан арнайы рейсте келген болып, карантиндік бақылауға алынған. Бауыр жетіспеушілігімен ауырған әйел, жүктіліктің бірінші жартысын жеңіл токсикозбен өткізген. Соңғы екі аптаның ішінде аяқтарында ісіну, ентігу, мұрын бітуі, тамақтың қышуы, дәм мен иіс сезімінңғ жоғалуы және терінің сарғаюы басталған. Тексерістер нәтижесі бойынша, әйелге коронавирус диагнозы қойылып, қаладағы №3 перзентханаға жатқызылған.

6 маусым күні жүкті әйелде босану белгілері байқалпол процес 7 сағатқа созылды. Баланың өмірге келу уақытының екінші кезеңінде әйелде тыныс алу нашарлап, әлсіздік, қан қысымының күрт көтерілуі сияқты белгілер күшейіп, жағдай ылғалданды оттегі беру арқылы жүзеге асырылған. Тәжірибелі дәрігерлердің күш-жігерінің нәтижесінде жүкті әйел ұл тауып, босанғаннан кейінгі кезеңде өміріне қауіпті асқынулар байқалмаған.

Бір қуантарлық тұсы жаңа туған нәрестеден коронавирустың ешқандай белгілері анықталмаған. Қазіргі уақытта сәбидің жағдайы қанағаттанарлық, ол анасының бауырында болып, дәрігерлер бақылауында қалуда.

Соңғы дерекке сай Өзбекстанда коронавирустық расталған 4181 жағдай тіркеліп, оның 3268 сауығып шыққан. 17 кісі қаза болды. 

2 536
ӨзА