ӨзА Қазақ

15.05.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте Амити университеті филиалы ашылады

Ташкентте Амити университеті филиалы ашылады

Ташкентте Amiti University (Үндістан) филиалының ашылуына байланысты баспасөз мәслихаты өтті. Онда жаңа оқу орнының білім беру үрдістері мен мүмкіндіктері, сонымен қатар талапкерлерді іріктеу туралы ақпараттар айтылды.

Бұл оқу орны IT-мамандарын даярлап, оның ішінде бағдарламалық жасақтама мен аппараттық жүйе жаратыушы, жасанды интеллект пен АКТ басқару саласындағы мамандар дайындайды.

Өзбекстан Республикасы Ақпараттық технологиялар және коммуникацияларды нығайту министрінің бірінші орынбасары Олимжан Умаровтың айтуынша, жаңа оқу орны Ташкент қаласының Шайхантахур ауданында орналасады. Қазіргі кезде осы білім ордасында құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Реконструкция жұмыстары аяқталғаннан соң, қазіргі таңдағы соңғы үлгідегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялармен жабдықталады.

- Университетіміз Үндістандағы ең үздік жекеменшік университеттердің бірі және Азиядағы 300 үздік университеттердің бірі. Амитидің негізгі ғимараты Ноиде қаласында орналасқан. Онда әлемнің түрлі елдерінен келген 150 мыңға жуық студенттер білім алады. Қазіргі уақытта АҚШта, Ұлыбританияда, Біріккен Араб Әмірлігінде, Сингапурда, Қытайда, Оңтүстік Африкада және басқа елдерде филиалдарымыз бар, - дейді Амит университетінің президенті Атул Чаухан.

Ташкенттегі Амити университетінде білім беру жүйесі ағылшын тілінде болады. Биылғы оқу жылына университет 200ге жуық студенттерді қабылдауды жоспарлаған.

72 817
ӨзА