ӨзА Қазақ

04.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте алғаш рет денсаулық сақтау және фармацевтика саласында өзбек –түрік бизнес форумы өтуде

Ташкентте алғаш рет денсаулық сақтау және фармацевтика саласында өзбек –түрік бизнес форумы өтуде

Өзбекстанда «денсаулық апталығы» аясында алғаш рет денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы өзбек-түрік бизнес-форумы өтуде.

Атаулы шараға Түркия денсаулық сақтау министрі Фахруддин Қовжа мырза бастаған делегация құрамы қатысуда. Екі ел арасындағы алғашқы форумның Ташкентте өткізуге осы жыл ақпан айында Стамбулда өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропа аймақтық бюросының отырысында келісіп 2019-2020 жылдарға арналған «Жол картасынада» қол жеткізген еді.

Қазіргі күнде Өзбекстан-Түркия арасындағы ынтымақтастық байланыстар өте жоғары деңдейде болып, осы жаз айында Түркияның Медициналық университетімен бірге Бұхара мемлекеттік медицина институтының базасында атаулы университеттің филиалы ашылып, қазірде онда 130-ға жуық студент білім алуда.

Сондай-ақ, Түркияның «Kanimed saglik gozumlari» компаниясы Терміз, Наманган, Әндіжан мен Ташкент қалаларында 70 миллион доллар қаржыны құрайтын лабораториялық диагностика орталықтарын құрумен қатар жекеменшік ауруханалар салуда 30 млн доллар инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда. 

Алғашқы денсаулық сақтау және фармацевтика саласындағы форум аясында екі елдің денсаулық сақтау саласының өкілдері бірқатар тиімді келісімдерге қол жеткізіп, олар ішінде жедел жәрдем қызметі, фармацевтика, медициналық білім, онкология және радиология, гематология және қан құю, педиатрия, акушерия және гинекология, жеке медицина сияқты маңызды бағыттар бойынша меморандумдарға қол қойылды.

Шара соңынан түрік делегаттарын Өзбекстанның кешегі тарихы мен мәдениетін меңзеуші ежелгі қалалары Самарқанд және Бұхара қалаларына сапар ұйымдастыру жоспарланған.

3 852
ӨзА