ӨзА Қазақ

24.02.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте ағаш кескендерден 1,9 миллиярд сум айыппұл өндірілді

Ташкентте ағаш кескендерден 1,9 миллиярд сум айыппұл өндірілді

Ташкент қаласының «Яккасарай» ауданында құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан компания өзбетімен, қала көркінің келбетіне айналған 81 түп ағашты заңсыз кесуіне байланысты 1 млрд. 891,3 млн сум айыппұл төлеп, осы ағаштарды кесуге рұқсат берген әкім орынбасары мен құрылыс компаниясына қылмыстық іс қозғатылды.

Осы жағдай орын алған кезде жергілікті тұрғындар тарапынан құқықтық баға беру үшін құжжатар Ташкент прокуратурасына табысталған болып, оған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылған. Оқиға салдарын түбегейлі зерттеп тиісті шаралар қабылданған соң, Ташкент қалсының прокуратурасы өсімдік әлеміне жеткізген 630,4 млн сум залал үшін «Яккасарай» ауданы әкімшілігі және құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғатып, қылмыстық кодекстің 198-бабының 4-бөліміне сәйкес, материалдық залал үш еселік айыппұл өндірілген соң бас бостандығынан айырмау туралы шешім шығарған. Айыппұл мөлшері 1 млрд. 891,3 млн сум.

Кесілген ағаштар орнына қайта 150 көшет (каштан, шынар, акация т.б) отырғызылып, қайта абаттандыру жұмыстары жүргізілген. 

photo_2020-02-23_14-16-11.jpg

photo_2020-02-23_14-16-12.jpg

Еске сала кетсек, Өзбекстан Президентінің 2019 жылғы 30 қазандағы жарлығымен Мемлекеттік орман қорына кірмейтін ағаштар мен бұталарды кесуге 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін мораторий жарияланған болатын. 

photo_2020-02-23_14-16-12 (2).jpg

4 930
ӨзА