ӨзА Қазақ

08.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте 76 жастағы науқас коронавирустан қаза тапты

Ташкентте 76 жастағы науқас коронавирустан қаза тапты

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша 28 мамыр күні SARS-CoV-2 диагнозы анықталған 76 жастағы науқас Ташкент медициналық академиясының көп салалы клиникасына жатқызылған.

Науқас ұзақ жылдар бойы гепатит, ишемиялық жүрек ауруы, стенокардия және созылмалы жүрек жеткіліксіздігі сынды аурулармен емделіп келген болып, 31 мамырда оның жағдайы ауырлап жансақтау бөліміне ауыстырылады. Алайда көрсетілген реанимациялық процедураларға қарамастан, жасанды тыныс алу аппаратында болған науқас жүрек-тамыр жеткіліксіздігінен қайтыс болды, делінген ДСМ хабарында.

Сонымен қатар марқұмның жұбайы, баласы мен неберелерінде Covid-19 індеті анықталған болып, олар дәрігерлер бақылауына алынған. Қазіргі уақытта Өзбекстанда вирус жұқтырғандық тіркелгендер саны 4440-қа жеткен. Оның 3357 сауығып шыққан болса, 18 кісі вирус кесірінен қаза болған.

Республикалық ауруханаларда 1065 науқас дәрігерлер бақылауында қалуда.

2 415
ӨзА