ӨзА Қазақ

26.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте 1 қаңтардан бастап қоғамдық көлік жол ақысын біріңғай карта немесе мобилді қосымша және QR билеттерімен төлеуге болады

Ташкентте 1 қаңтардан бастап қоғамдық көлік жол ақысын біріңғай карта немесе мобилді қосымша және  QR билеттерімен төлеуге болады

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ташкентте қоғамдық көліктер жол ақысын төлеудің автоматтандырылған жүйесі кезең-кезеңімен енгізілетін болады. Жүйеде бірыңғай қоғамдық көлік карталары, мобильді төлем қосымшалары және QR бір реттік билеттері енгізіледі.

Біріңғай төлем карталарының бағасы 8-9 мың сум болып, картаға сіз өз банк картаңыз, банкомат немесе терминалдар арқылы шотыңызды толтыра аласыз. Бұл қартаны сауда орындарында, метрополитен, автовокзал, теміржол кеңселерінде және әуежайдан сатып алуға болады.

Егер сізде Humo, Uzcard, Visa, Mastercard сынды байланыссыз төлем жүйесінде істейтін карталары болса онда сіз осы карта арқылы төлей аласыз.  

4 957
ӨзА