ӨзА Қазақ

12.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкент облысындағы Шыршық қаласы «қызыл» деңгейлі аймақ қатарына енді

Ташкент облысындағы Шыршық қаласы «қызыл» деңгейлі аймақ қатарына енді

Шыршық қаласы 11 маусымнан бастап «қызыл» деңгейлі аймақ қатарына еніп, блок-посттар қайта орнатылады және тәртіп күшейтіледі. Бұл жөнінде қала әкімдігі хабарлап, қаладағы карантиндік шектеулерге байланысты автокөлік қатынауы таңғы 07:00-ден 10:00ға дейін және кешкі 17:00-ден 20:00ге дейін рұқсат етіледі, делінген.

Денсаудлық сақтау министрлігінің 12 маусым күнгі қорытынды хабарына сай Өзбекстанда тәулік бойы 128 жаңа коронавирус жұқтырған жан тіркелген. Қазірде жалпы олардың саны 4869 кісіге жетті.

Сондай-ақ бүгін 121 жан аурудан сауығып жалпы олардың қатары 3758-ді құраса, бүгінге дейін 19 жан індеттен көз жұмған.

Еске салар болсақ, Өзбекстанда алғашқы коронавирус індеті 15 наурызда тіркелген еді. Науқас 11 наурызда Парижден саяхаттап оралған Ташкенттік дәрігер маманы болатын. 

2 746
ӨзА