ӨзА Қазақ

10.12.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент облысында 100 миллион сумдық пиротехникалық құралдар тасымалына шектеу қойылды

Ташкент облысында 100 миллион сумдық пиротехникалық құралдар тасымалына шектеу қойылды

Ташкент облысы Ішкі істер басқармасының хабарлауынша, Ташкент облысы Ахангаран ауданында орналасқан «Чинар» жол патрулдік қызмет бекетінде құны 100 миллион сумға тең пиротехникалық құрал-жабдықтардың айналымы тоқтатылды.

Өткізілген рейт нәтижесінде 12 050 қорап немесе 732 мыңға жуық заңсыз пиротехникалық құралдар мен түрлі өлшемдегі 556 салюттың бар екені анықталған.

Бұл заңсыз пиротехникалық құралдар «Ош-Ташкент» тасжолы бойымен жүріп келе жатқан «Hyundai» рүсімді жүк көлігінің бортын тексеру кезінде құжаттары жоқ 5 мың қорап немесе 300 мың дана жалпы құны 40 миллион сумға жуық пиротехникалық заттар мен 21 теледидар, 5 литрлік 20 дана полиэтиленді ыдыстарда белгісіз сұйықтықтың және үш пакет қапта беймәлім ұнтақтың бар екені анықталып дәлел ретінде алып қойылған.

Тағы бір осы бағыттық патрулдік өткізу бекетінен өткен жеңіл түрдегі Cobalt рүсімді автокөлік жүкханасынан 144 блок түрлі көлемдегі салюттер мен 48 блок «Британик» атты, құны шамамен 13 миллион 948 мыңға жуық болған пиратехникалық заттардың заңсыз тасымалы ақыталып, қазірде осы жағдайларға байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

5 055
ӨзА