ӨзА Қазақ

27.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкентте қала және облыс аудандарында «қызыл», «жасыл», «сары» деңгейлі аймақтар тізімі жаңарды

Ташкентте қала және облыс аудандарында «қызыл», «жасыл», «сары» деңгейлі аймақтар тізімі жаңарды

Ташкент облысында коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты эпидемиологиялық жағдайға байланысты жіктелген аудандардың (қалалардың) тізімі жаңарды. Облыс әкімдігі хабарлауынша қауіпті аймақтар деп мына аудандар тізімге енген:

«Қызыл» деңгейлі аудандар - Бекабад, Жаңажол, Нурафшан қалалары, Қыбрай, Аққорған, Зангіата, Паркент, Ташкент, Жоғары Шыршық, Жаңажол аудандары.

«Сары» аймақтар – Ангрен, Шыршық қалалары, Бекабад, Төменгі Шыршық, Шыназ, Орта Шыршық аудандары.

«Жасыл» аудандар - Алмалық, Ахангаран қаласы, Ахангарон, Бөке, Бостандық, Піскент аудандары.

Ташкент облысында «Қызыл» деңгейлі аудандардың пайда болуына байланысты кейбір мемлекеттік мекемелердің жұмысы тоқтап қызмет көрсету жұмысы шектелген. 

2 326
ӨзА