ӨзА Қазақ

09.10.2019 Басып шығару нұсқасы

Ташкент метросында енді жетонсыз жүру мүмкдігі бар

Ташкент метросында енді жетонсыз жүру мүмкдігі бар

Жуырда ғана жалпы 29 станциясы бар Ташкент метросының барлық бекеттері интернетпен қамтылған еді.

Ташкент метрополитені басшылығы қала түрғындарына тағы бір қолайлы жүйені енгізді. Ендігі кезде метроға жетонсыз да кіру мүмкіндігі бар. Тек қасыңызда «Хумо» картасы болса болғаны. Картаны сіз арнайы орнатылған валидаторларға тигізу арқылы жол ақысын төлей аласыз. Сөйтіп кассаға тұрған уақытыңызды тежейтін боласыз.

Бұл төлем жүйесі қазірде мына станцияларда қол жетімді : «Ұлы Жібек жолы», «Әмір Темір саябағы», «Тәуелсіздік алаңы», «Пахтакор», «Бунёдкор», «Мирзо Ұлықбек», «Чиланзар», «Беруни», «Минар» және «Абдулла Кадырий».

Осы жыл жаздың соңғы айында аталған жүйе сынақ ретінде екі станция беткетінде орнатылған еді. Сынақ нәтижесі жақсы болғандықтан бұл жүйе алдағы уақытта барлық станция бекеттерінде орнатылатын болады.

6 021
ӨзА