Tashkent City қалашығында 50 қабатты ғимарат бой көтермек
Tashkent City қалашығында 1,5 гектарлық аймаққа, биіктігі 215 метрлік, 50 қабатты зәулім ғимараттың құрылысы басталды.
Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында құрылысы басталған Tashkent City қалашығында 1,5 гектарлық аймаққа, биіктігі 215 метрлік, 50 қабатты зәулім ғимараттың құрылысы басталды.
Жақында ғана Мемлекет басшысы Шавкат Мирзияев осы қалашыққа келіп осындағы құрылыс нысандарымен танысқанын хабарлаған едік.
Tashkent City қалашығында құрылып жатқан Өзбекстандағы ең биік ғимаратты мемлекеттегі «Murad Buildings» компаниясы мен Туркияның «Ozguven» компаниясы салатын болады. Аталмыш зәулім ғимараттың қабырғасына, Париждегі Эйфель мұнарасына кеткен метал мөлшеріндегі, яғни 7,5 мың шақырымды құрайтын темір мен 700 маркалы бетон пайдаланыланылмақ.
Орта Азиядағы ең биік ғимараттың бірі болар бұл құрылыс нысанының аты 15 тамыздан кейін жарияланатын болады.