ӨзА Қазақ

15.06.2020 Басып шығару нұсқасы

Ташкент қаласы тұрғындары арасында коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Ташкент қаласы тұрғындары арасында коронавирус жұқтырғандар саны артуда

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарауынша республикада тағы 23 азаматтан covid-19 індеті анықталған. Олардың 11 Ташкент қаласы тұрғындары арасынан анықталса, 8 карантиндік аймақтағылар тобынан және 4 азамат Ресейден келген кісілер екені айтылған.

Қазіргі уақытта ел аумағндағы жалпы вирус расталған жағдай бойынша көрсеткіш 5103-ке жетіп, олардан 3943 емделіп шықты. Өкінішке орай 19 жан індеттен көз жұмған. Қазір 1073 індет жұқтырған жан дәрігерлер бақылауында. Олардың арасында 12 кісінің жағдайы ауыр.

2 335
ӨзА