ӨзА Қазақ

14.11.2019 Басып шығару нұсқасы

Танзила Нарбоева Өзбекстандағы адам саудасына байланысты қылмыстарға түсінік берді

Танзила Нарбоева Өзбекстандағы адам саудасына байланысты қылмыстарға түсінік берді

Ташкентте өтіп жатқан «Адам саудасына қарсы күрестегі соттардың рөлі» атты халықаралық конференцияда Сенат төрайымы Танзила Нарбоева Өзбекстандағы адам саудасына қарсы күрес саласында қоғамдық ұйымдар мен құқық қорғау жүйесі арасында өзара іс-қимыл жасаудың арқасында, адам саудасына байланысты қылмыстар 3,2 есеге азайып, осы жылдың өзінде 250-ге жуық мәжбүрлі еңбекке баулыған азаматтар жауапқа тартылғаны жайында айтты. 

Қандайда қылмыс болмасын, ол адамзат өркениетіне нақты кедергі болып табылып, әрбір мемлекет адам саудасына қарсы күрес қағидаларын, заңның үстемдігін, әлеуметтік әділеттіліктің орнауын және қылмыстық істер бойынша жазаның болмай қалмайтынын қатаң сақтау керек. Сол себептіде осы мәселе бойынша халықаралық ынтымақтастық мәселесі осы кездесуде келісілуі керек», - деді Танзила Нарбоева.

Статистикалық мәліметтерге саәйкес Әлем жүзінде Шығыс Еуропа мен Оңтүстік Кавказ елдерінде адам саудасына байланысты көптеген жағдайлары жыныстық қанаушылыққа байланысты орын алса, мәжбүрлі еңбек баулу жағдайлары Орталық Азияда дамып келеді.

Соңғы жылдары Өзбекстандағы мәжбүрлі еңбекке тарту, адам саудасына байланысты орын алған оқиғалар жөнінде қылмыстық істер ашылып, заңсыз әрекет еткен азаматтарды қатаң жазаға тарту арқылы мұндай көңілсіз жағдайларды болдырмау көрсеткіші жоғарылаған.


5 467
ӨзА