ӨзА Қазақ

27.05.2020 Басып шығару нұсқасы

Тәулік бойы жаңа вирус жұқтырған 79 кісі тіркелді

Тәулік бойы жаңа вирус жұқтырған 79 кісі тіркелді

Денсаудлық сақтау министрлігінің кешкі қорытынды хабарына сай тәулік бойы 79 кісі вирус жұқтырған.

27 мамыр күні Өзбекстанда тәулік бойы 79 жаңа коронавирус жұқтырған жағдай тіркеліп, жалпы расталғандар 3369 кісіге жеткен. Жаңадан вирус жұқтырғандар арасында 7 азамат Бұқарада тіркелген. Жуырда ғана бұл аймақта барлық науқас емделіп шыққан болатын.

Сондай-ақ бүгін 32 азамат індеттен сауығып ауруханадан шыққан. Олардың қатары 2668 кісіге жетіп, 14 кісі қаза болған. Қазірде республиканың 8 аймағындағы ауруханаларда 687 науқас дәрігерлер бақылауында қалған. Ондағы 3 ауру жанның жағдайы ауыр, 1 өте ауыр халде.

1 758
ӨзА